Русский Қазақ тілі English
Біздің телефон нөміріміз: 8 (7182) 61-10-88

Дамыту және жетілдіру

Жоғары басшылықтың бастамасы бойынша СМЖ енгізілген сәттен бастап жыл бойы Компанияның ұйымдық құрылымында өзгерістер жүргізіледі. 2013 жылы еңбекті ұйымдастыру және жалақы бөлімі, жоспарлау-экономикалық бөлімі, коммерциялық бөлімді маркетинг секторына, сату секторона, сатып алу секторона бөлу құрылды.

Компания процестерін дамыту және жетілдіру үшін ішкі аудиттер мен түзету шараларының нәтижелері бойынша жұмыс тораптарының отырыстары өткізіледі. Жұмыс топтарын өткізу процесінде шешімдер хаттамалық түрде қабылданады, Компанияның пайдаланылмаған мүмкіндіктері айқындалады және үйлестіру кеңесінде жоғары басшылыққа жеткізіледі.

СМЖ жетілдіру және дамыту шеңберінде мынадай іс-шаралар өткізілді:

  • 2012 жылғы қыркүйек: TQSCI оқу орталығы базасында сапа жөніндегі директордың орынбасары және инженерді «ISO 9001:2008, OHSAS 18001:2007, ISO 14001:2004 халықаралық стандарттарына ішкі аудит және СМЖ жетілдіру» курстарында оқыту;
  • 2012 жылғы қараша-желтоқсан: персоналды басшылықтан операторға дейін «СМЖ саласындағы персоналдың құзыреттілігін арттыру» курстарында оқыту;
  • 2013 жылғы қаңтар: «СМЖ саласындағы персоналдың құзыреттілігін арттыру» курсының соңында персоналды тестілеу;
  • 2013 жылғы наурыз: полипропиленді орау процесін сипаттайтын құжатталған рәсімді әзірлеу және бекіту;
  • 2013 жылғы ақпан, мамыр, шілде: процестерді жетілдіру шеңберінде құжаттаманы өзектендіру, СМЖ құжаттамасына №1, 2, 3 өзгерістер енгізу;
  • 2013 жылғы маусым: «Компания Нефтехим LTD» ЖШС СМЖ негіздері» компонентін жаңадан қабылданған қызметкерлер үшін кіріспе нұсқамаға енгізу.