Русский Қазақ тілі English
Біздің телефон нөміріміз: 8 (7182) 61-10-88
“Компания Нефтехим LTD” ЖШС-не Премьер министрдің келуі”

2024 жылғы 06 наурызда ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов Павлодар облысына жұмыс сапары аясында «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-не келіп, түйіршіктелген полипропилен және басқа да полимер бұйымдарын шығаратын цехтың жұмысымен танысты. Келу уақытында өндіріс жөніндегі директордың орынбасары Б.М. Сагиев Үкімет басшысына ПМХЗ-нан жеткізілетін сұйытылған мұнай газын өңдеуден бастап, өз кезегінде ішкі нарықта да, таяу шет елдерде де сұранысқа ие дайын өнім өндіруге дейінгі өндірістің толық циклін енгізу туралы хабарлады. Олжас Бектенев «Компания Нефтехим LTD» ЖШС зауыты полипропилен өнімдерін импорттау мәселесін шешіп қана қоймай, экспортта жаңа бағыт құрғанын атап өтті.

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС атқарушы директоры Ляззат Газизовна Идрисова Премьер-Министрге өндірістік көрсеткіштердің орындалуы және зауыттың ағымдағы қызметі туралы,  қазіргі сәтте кәсіпорынның барлық қондырғылары штаттық режимде жұмыс істейтіндігін және қойылған міндеттерді орындауға дайын екендігін баяндады.

Жарияланым датасы: 18.03.2024