Русский Қазақ тілі English
Біздің телефон нөміріміз: 8 (7182) 61-10-88

«Остров «Рабочий» демалыс базасы

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС-нің Демалыс үйі тамаша жалғыздықта Павлодар облысы Ертіс өзенінің жайылмасының табиғат қорғау аймағындағы “Рабочий” аралында орналасқан.

Арал өнеркәсіптік кәсіпорындардан және қалалық қарбаластан алыс, үлкен демалыс аймақтарының қарбалас толқуы жоқ, бұл оны ерекше таза және тартымды етеді. Өзен сулары, таза ауа – Сізді шынымен сау және сергек сезінуге, жаңа күш-қуат алуға, демалысынызды жағымды және көңілді өткізуге көмектеседі.

Мұнда сізді жайлы үйлер, әдемі орыс моншасы және мейірімді қызметкерлер күтеді.

Демалыс үйі келесі ойын-сауықтарды ұсынады:

  • бильярд, теннис, караоке;
  • жазғы уақытта – бассейн, кемемен серуендеу, баскетбол, бадминтон, волейбол;
  • қысқы уақытта – коньки тебу, шаңғы тебу, сырғанау.

Жолдаманы кез келген мерзімге сатып алуға болады

Егер Сіз экзотикадан шаршасаңыз немесе алысқа және ұзақ уақытқа кете алмасаңыз, 
онда ең жақсы жол – «Рабочий» аралының демалыс үйінде демалу!
Сізде қаланың қарбаласынан демалуға және туған өлкенің сұлулығынан ләззат алуға тамаша мүмкіндік бар!

судно волейбол навесы