Русский Қазақ тілі English
Біздің телефон нөміріміз: 8 (7182) 61-10-88

Әлеуметтік жауапкершілік

28/04/2018 г.

«Павлодар облысының экология жылы»

2018 жыл Павлодар облысының экология жылы болып жарияланады.Облыстың ірі өнеркәсіптік кәсіпорындарының бірі бола отырып, «Компания Нефтехим LTD» ЖШС қоршаған ортаны қорғау бойынша бірқатар іс-шараларды орындайды. Жыл сайын осы мақсаттарға шамамен 20 млн теңгеге қаражат бөлінеді. Іс-шаралар атмосфералық ауа мен топырақты ластанудан қорғауға, кәсіпорынның қоршаған ортаға әсерін бақылауға бағытталған. 

«Павлодар облысының экология жылын» қолдау мақсатында Компания өкілдері балалар үйлері мен арнайы жалпы білім беретін мектептердің тәрбиеленушілері арасында «Таза болса Табиғат – аман болар адамзат» экологиялық тақырыбы бойынша республикалық балалар суреттері байқауының облыстық кезеңінің қорытындысын шығаруға қатысты. Жүлделерді сатып алуға демеушілік көмек көрсетілді. Байқаудың бас жүлдесін Ақсу қаласының №3 ЖОББМ оқушысы Мадиана Карпекова алды., ол планшетпен марапатталды. Үздік фотоколлаж және фото мен үздік сурет үшін бірінші орын Зарина Газина (Тереңкөл ауылы), Дамир Хусаинов (Ақсу қаласы), Алина Моисеенко (Песчаное ауылы), олар марапатқа ұялы телефондар алды. Екінші және үшінші орын алған қатысушыларда марапатқа бағалы сыйлықтар алды.

 

 

 

«Компания Нефтехим LTD» ЖШС қала өмірінде белсенді орын алады.

sport

2012 жылы Компания 320 орындықты балабақшаны қалаға сыйға тартты. Соғыс және еңбек ардагерлеріне, аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларға үнемі көмек көрсетіледі.

2012 жылдан бастап «Компания Нефтехим LTD» ЖШС «Павлодар» ерлер волейбол командасының ресми демеушісі болып табылады және «Павлодао волейбол клубы» Қоғамдық қорымен белсенді жұмыс істейді. Компанияның белсенді қолдауының арқасында команда 2012 жылы Қазақстан Республикасының чемпионатында Павлодар облысын лайықты түрде таныстырды.

Зауыт іске қосылған сәттен бастап ЖОО, колледж, лицей студенттерінің кәсіпорында өндірістік практикадан өту мүмкіндігі бар. Дипломдарды қорғағаннан кейін елуден астам жас мамандар «Компания Нефтехим LTD» ЖШС-де жұмыс істеуге қалды.

Компания «Қамқорлық – Забота» (соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлеріне көмек көрсету), «Соғысқа шарпыған балалық шақ» (концлагерлердің бұрынғы тұтқындары үшін іс-шаралар ұйымдастыру), «Жақынға қамқорлықпен» (қарттар мен мүгедектерге арналған пансионатқа қамқоршылық), «Баланы мектепке жинайық» (аз қамтылған отбасылардан шыққан балаларды киім мен мектепке керек-жарақтарын сатып алуға қолдаудың республикалық акциясы) сияқты республикалық және қалалық акцияларға тұрақты және белсенді қатысады.

Компания басшылығы мен қызметкерлері де шет қалмай, көмектесуге дайын.