Русский Қазақ тілі English
Біздің телефон нөміріміз: 8 (7182) 61-10-88

МТБЭ

Метил-трет-бутил-эфирі (МТБЭ) қорғасынсыз, экологиялық таза автомобиль бензиндерін алу кезінде құрамында оттегі бар жоғары октанды компонент ретінде пайдаланылады. Октан сандарының жоғары мәндері бар-зерттеу бойынша 115-135 және мотор әдісі бойынша 98-100, бензинде жақсы ериді, улы емес.

МТБЭ және бензиннің отын қоспасы келесі қасиеттерге ие:

  • бензиннің жеңіл қайнайтын заттарының детонацияға қарсы қасиеттері жақсарады;
  • детонацияға қарсы тұрақтылық пен отынның тұрақтылығы артады;
  • қозғалтқышты іске қосу температурасы төмендейді;
  • пайдаланылған газдардың уыттылығы төмендейді;
  • қозғалтқыш бөлшектерінің тозу қарқындылығы, көміртектің пайда болуы төмендейді;
  • отын шығыны азаяды.

МТБЭ пайдаланған кезде тауарлық бензиннің берілген мөлшерін өндіруге мұнай шығыны азаяды, сондай-ақ бензиннің дәстүрлі көмірсутек компоненттерінің октандық сипаттамасына қойылатын талаптарды жұмсартудың арқасында оның айтарлықтай үнемделуіне қол жеткізіледі.

«Компания Нефтехим LTD» производит МТБЭ ЖШС ҚР СТ 2533-2014 «Присадки «Эфир-метил-трет-бутиловый (МТБЭ)» Қазақстан Республикасының Ұлттық стандартына сәйкес МТБЭ өндейді.

№ р/с Көрсеткіштердің атауы Маркалар үшін нормалар
А Б В
1 Сыртқы түрі Мөлдір сұйықтық
2 Метил – трет -бутилді эфирінің массалық үлесі %, кем емес 98,0 96,0 94,0
3 Спирттердің (метанол және трет – бутанол) массалық үлесі, % кем емес 1,2 2,5 4,0
4 С4 және С8 көмірсутектердің массалық үлесі, %, артық емес 0,8 1,5 3,0
5 Ылғалдың массалық үлесі, %, артық емес 0,1 0,1 0,1
6 Механикалық қоспалар Болмауы Болмауы Болмауы

Ынтымақтастық мүмкіндігін қарастыру үшін «Компания Нефтехим LTD» ЖШС жөнелту жөніндегі жалпы ережелермен танысу (оқу, қол қою, мөр қою, сканердің көшірмесін электрондық пошта арқылы жіберу) және Сіздің Компанияңыз туралы жалпы ақпаратты (құрылған жылы, қызмет түрі, өткізу нарықтарын) көрсете отрып, еркін нысанда ілеспе хат жіберу қажет.

Компания Нефтехим LTD ЖШС жөнелту бойынша жалпы ережелер

МТБЭ жеткізуге өтінім

Дайын өнімдерді тасымалдауға өтінім

МТБЭ сатып алу сұрақтары бойынша Өткізу бөліміне хабарласыңыз

(7182) 61-10-88 ішкі. 0918, 0917

market@nephtechim.kz, marketolog@nephtechim.kz