Русский Қазақ тілі English
Біздің телефон нөміріміз: 8 (7182) 61-10-88

Компания тарихы

Калыптасу жылдарында Компания нарықта жоғары сұранысқа ие өндірістің негізгі өнімдері – МТБЭ және полипропилен өндірісін игеріп қана қоймай, сонымен қатар қосылған құны жоғары түпкілікті өнімді алу мақсатында шикізатты одан әрі өңдеуге кірісті.

завод2

2021. Салыстырып тексеру зертханасы IAF Халықаралық сертификатын алуға және ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ талаптарына сәйкестігіне, ҚР СТ ИСО 9001:2016 (ISO 9001:2015) Сапа менеджменті жүйесінің (ИСО Қазақстан стандартының) және ISO 9001: 2015 Сапа менеджменті жүйесінің талаптарына сәйкестігіне қайта сертификаттаудан сәтті өтті.

2019. Зауыттық зерттеу зертханасы ISO/IEC 17025-2019 «Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптар» МЕМСТ талаптарына сәйкестігіне сәтті қайта аккредиттелді.

2015. Кайдзенді үнемді басқару жүйесін енгізді.

2014. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен «Қазақстанның жаңа индустрияландырылуы: 2014 жылдың және бірінші бесжылдықтың нәтижелері» жалпыұлттық телекөпір барысында ұнтақты полипропиленді түйіршіктеудің жаңа цехы іске қосылды.

2013. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың қатысуымен полипропилен қаптарын өндіру бойынша №1 цехы іске қосылды. «Өндірістік мақсаттағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша «Алтын Сапа» республикалық байқауының жеңімпазы.

2012. TQCSI австралиялық сертификаттау органының халықаралық сертификатын алуға және СМЖ ҚР СТ ИСО 9001:2009 және ISO 9001: 2008 талаптарына сәйкестігіне инспекциялық аудиттен сәтті өтті.

2010. Жобалық қуатқа мерзімінен бұрын шығу: МТБЭ – жылына 20 мың тонна; полипропилен – жылына 30 мың тонна.

2009. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен зауыт пайдалануға берілді.

2006. Зауыт құрылысының басталуы.

2005. «Компания Нефтехим LTD» ЖШС кәсіпорынның пайда болуы.